
Құрметті Жыланды ауылдық округінің тұрғындары!
Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтерді алу бұрынғыдан да қолжетімді. Қызметтердің басым бөлігі электрондық форматта көрсетіліп, азаматтардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.
Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту;
жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім алу;
аукцион өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар алу;
республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу;
жерге орналастыру жобаларын бекіту.
Аталған қызметтерді egov.kz порталы арқылы, сондай-ақ қызмет түріне қарай Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) немесе жергілікті атқарушы органның кеңсесі арқылы алуға болады.
Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта пайдалану – уақытты үнемдеп, қызметті жылдам әрі ыңғайлы алудың тиімді жолы.









