Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары!

    Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары!

    Қазіргі уақытта Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы техникалық қателікке байланысты жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша есептеулерге түзету жұмыстарын жүргізуде.
    Түзету жұмыстары аяқталғаннан кейін әрбір салық төлеушіге дұрыс есептелген сома көрсетілген жаңа push-хабарлама қайта жолданатын болады.
    Түзету нәтижесінде артық төленген сома анықталған жағдайда, артық төленген салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді қайтару туралы салықтық өтініш беру қажет.
    Өтінішті Салық төлеушінің кабинеті, eGov.kz порталы, eGov Mobile мобильді қосымшасы, e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы немесе жеке тұлғаларға арналған «Салық әмияны» сервисі арқылы беруге болады.
    Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары