Зайсанда садақ атудан «Ұлы дала мергені – 2026» республикалық турнирі басталды

    Зайсанда садақ атудан «Ұлы дала мергені – 2026» республикалық турнирі басталды

    Бүгін, 3 шілде күні, Зайсан қаласының орталық стадионында ересектер арасындағы «Ұлы дала мергені – 2026» республикалық садақ ату турнирінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

    Ауқымды спорттық додаға Қазақстанның 12 облысынан келген үздік мергендер қатысуда.

    Салтанатты ашылу рәсімі аясында арнайы марапаттар табысталды. Өңірде ұлттық спорттың осы түрін дамытуға елеулі үлес қосқан спортшылар мен мамандарға алғыс хаттар берілді. Сонымен қатар турнир қатысушыларына Зайсан ауданының естелік төсбелгілері табыс етілді.

    Ұлттық спорт түрінен өтіп жатқан турнир өз жалғасын табуда.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі" жаңалықтары