Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі №114-НҚ бұйрығымен бекітілген «Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» құжатын түсіндіру мақсатында білім бөлімдерімен білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Ж.Қабдрахманова кеңес өткізді.
Кеңес барысында мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі, білім беру ұйымдарының дайындық деңгейі, қажетті құжаттарды рәсімдеу талаптары, бағалау өлшемшарттары, сондай-ақ жаңа қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жан-жақты қарастырылды.
Іс-шараға қатысушылар аттестаттауды сапалы ұйымдастыру мәселелері бойынша пікір алмасып, туындаған сұрақтарға жауаптар алды. Кеңес қорытындысы бойынша білім бөлімдеріне мемлекеттік аттестаттауға дайындық жұмыстарын белгіленген талаптарға сәйкес үйлестіру жөнінде тиісті ұсынымдар берілді.








