
Кездесу барысында атқарылған жұмыстардың қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге арналған жоспарлар таныстырылды. Сондай-ақ тұрғындардың ұсыныс-пікірлері, ескертулері мен көтерген мәселелері қаралды. Барлық көтерілген мәселелер бақылауға алынып, жауапты мемлекеттік органдар мен қызметтердің қатысуымен пысықталатын болады.
Кездесулер ашық диалог форматында өтіп, тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, елді мекендерді дамытуға қатысты ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік алды. Кездесу барысында түскен барлық өтініштер мен ұсыныстар белгіленген тәртіппен қаралатын болады.




