Бүгін Қостанай облысының әкімі Құмар Аксақалов Сарыкөл ауданына жұмыс сапарымен келді.

    Бүгін Қостанай облысының әкімі Құмар Аксақалов Сарыкөл ауданына жұмыс сапарымен келді.

    Сапар барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, ауыл шаруашылығы, инвестициялық жобаларды іске асыру, тұрғын үй құрылысы және спорттық инфрақұрылымды дамыту мәселелері қаралды.

    Алғашқы нысан — Маяк ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт. Мұнда құрылыс жұмыстары толық аяқталған.

    «Жаналипов» шаруа қожалығының аумағында ауданның агроөнеркәсіптік әлеуеті таныстырылып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесу өтті. Кездесу барысында саланың өзекті мәселелері, қол жеткізілген нәтижелер мен алдағы жоспарлар талқыланды.

    Сондай-ақ облыс әкімі «MEL-FARMAGRO» ЖШС-нің асыл тұқымды «Абердин-Ангус» ірі қара малын өсіруге арналған мал шаруашылығы базасын салу жобасының барысымен танысты. Жобаның жалпы құны — 1,5 млрд теңге. Жоба аясында 22 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген.

    Аудандық Мәдениет үйінде тұрғындармен кездесу өтіп, Сарыкөл ауданының 2026 жылғы 8 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары таныстырылды.

    Тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.

    Жұмыс сапары барысында Сарыкөл кентіндегі әрқайсысы 16 пәтерден тұратын екі көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс алаңдары да қаралды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Сарыкөл ауданының әкімдігі" жаңалықтары