Интернет-алаяқтардан сақ болыңыз!

    ·
    Интернет-алаяқтардан сақ болыңыз!

    Интернет-алаяқтардан сақ болыңыз!

    Соңғы уақытта интернет-алаяқтық деректері жиілеп, қаскөйлер азаматтарды алдаудың түрлі тәсілдерін қолдануда. Олар өздерін банк қызметкері, құқық қорғау органы немесе өзге де мемлекеттік мекеме қызметкері ретінде таныстырып, жеке мәліметтеріңіз бен банк карталарыңыз туралы ақпаратты сұрауы мүмкін.
    Есіңізде болсын! Банк қызметкерлері де, полиция қызметкерлері де ешқашан телефон арқылы банк картаңыздың нөмірін, CVV-кодын, SMS арқылы келген растау кодын, PIN-кодты немесе жеке шотыңыздағы ақша қаражаты туралы мәліметті сұрамайды. Сондай-ақ олар сізге ақшаңызды «қауіпсіз есепшотқа» аударуды немесе белгісіз қосымшаларды жүктеуді ұсынбайды.

    Алаяқтардың құрбаны болмау үшін:

    * бейтаныс адамдарға жеке және банктік деректеріңізді бермеңіз;
    * SMS арқылы келген растау кодтарын ешкімге айтпаңыз;
    * күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және белгісіз қосымшаларды жүктемеңіз;
    * телефон арқылы айтылған ақпаратқа бірден сенбей, банктің ресми байланыс орталығына немесе полицияға хабарласып, мәліметтің рас-өтірігін нақтылаңыз;

    Шымкент қаласы полиция департаменті ескертеді: Интернет-алаяқтардың арбауына түспеу үшін ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтап, өзіңізді және жақындарыңызды қаржылық алаяқтардан қорғаңыз. Күмәнді жағдайға тап болсаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары