СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    Сырдария ауданында Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастамасымен азаматтардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған ашық форматтағы кездесу ұйымдастырылды.
    Іс-шараға аудан тұрғындары, оның ішінде алаяқтардың құрбаны болу қаупі жоғары осал топ өкілдері қатысты. Кездесу барысында департамент қызметкерлері қазіргі таңда кеңінен таралған алаяқтық әрекеттердің түрлері, олардың қолданатын айла-тәсілдері және мұндай қылмыстардың құрбаны болмаудың тиімді жолдары туралы жан-жақты ақпарат берді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті" жаңалықтары