
2026 жылдың маусым айының соңында Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары сумен байланысты инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың, уланулардың, сондай-ақ инфекциялық, паразиттік және кәсіптік аурулардың алдын алу мақсатында «Вагон-сервис» АҚ Жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі Ақмола филиалының Қарағанды телімінде (Қарағанды-Жолаушылар станциясы) санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізді. Мониторинг барысында перрондық сумен жабдықтау жүйесінен микробиологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулерге су сынамалары алынды. Сонымен қатар, «Вагон-сервис» қызметкерлеріне жолаушылар вагондарын сумен жабдықтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар, трихофитияның және тағамнан уланудың алдын алу шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.









