
Қосылған құн салығын төлеушіні тіркеу есебіне шартты түрде қою уәкілетті орган айқындаған тәртіппен (бұдан әрі – шартты түрде қоюды жүзеге асыру тәртібі) шетелдік салық төлеуші компаниялардың тізілімін қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады.
Салық органы шетелдік қосылған құн салығын төлеуші компаниялардың тізіліміне шартты түрде қоюды жүзеге асыру тәртібімен белгіленген тізбеге сәйкес шетелдік компания туралы деректерді енгізеді.
Қосылған құн салығын төлеуші шетелдік компаниялардың тізіліміне енгізілген салық төлеуші шетелдік компаниялар туралы мәліметтер шартты түрде қоюды жүзеге асыру тәртібіне сәйкес уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
Шетелдік компания тауарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алушы бірінші төлемді жүзеге асырған күннен бастап қосылған құн салығын төлеуші болып танылады.









