Велосипед ұрлығының алдын алу – әр азаматтың сақтығынан басталады

    ·
    Велосипед ұрлығының алдын алу – әр азаматтың сақтығынан басталады

    Жаз мезгілінде велосипед ұрлығы деректерінің артуына байланысты Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің ювеналдық полиция тобының инспекторлары тұрғындар арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

    Іс-шараның мақсаты – азаматтардың мүлкін сақтау мәдениетін қалыптастыру және велосипед ұрлығының алдын алу. Полиция қызметкерлері тұрғындарға велосипедтерді тұрғын үйлердің кіреберістерінде, аулаларда, дүкендердің алдында және басқа да қоғамдық орындарда қараусыз қалдырмаудың маңыздылығын түсіндіруде.

    Сонымен қатар азаматтарға велосипедті арнайы сенімді құлыптармен бекітіп, мүмкіндігінше бейнебақылау камералары орнатылған немесе күзетілетін орындарға қою ұсынылды.

    Мұнайлы аудандық полиция бөлімі тұрғындарды жеке мүлкіне жауапкершілікпен қарап, қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады. Сақтық пен қырағылық – мүліктік қылмыстардың алдын алудың ең тиімді жолы.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары