Атырау қаласы Мәслихатының учаскелік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру жөніндегі хабарламасы

    ·

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Атырау қаласы Мәслихаты Атырау қаласының учаскелік сайлау комиссияларының құрамы қалыптастырылатыны туралы хабарлайды.

    Әрбір саяси партия тиісті учаскелік сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

    Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды да ұсынуға құқылы.

    Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

    Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымды бөлімшелері және жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы шілде айының 2-17 күндер аралығында қала Мәслихатына келесі құжаттарды тапсырады:

    1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

    2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

    3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

    4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

    Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.

    Сайлау комиссиясы құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

    Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

    Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

    Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

    Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, инициалы және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

    Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсынымдарды қабылдау дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00-18:00 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін.

    Атырау қаласының Мәслихаты

    Құлбарахов Ақылбек Нұрболатұлы - Атырау қаласы Мәслихатының төрағасы.

    Орналасқан жері: Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77 а.

    Жауапты тұлға – ​​Жамбылов Мереке Жамбылұлы, каб. №402, қызметтік телефон- 8 (7122) 27-12-67, электрондық пошта: [email protected].

    р/с

    Сайлау учаскелерінің нөмірі

    Сайлау комиссияларының орналасқан орны

    Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны

    1

    2

    3

    4

    Учаскелік сайлау комиссия мүшелері - 5

    1

    №288 учаскелік сайлау комиссиясы

    Атырау қаласы, Қарабатан стациясының аумағы, NCOC компаниясының «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау зауытының ғимараты

    5

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары