Жаңалық

    ·
    Жаңалық
    ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР ПАРА ЖҮЗУДЕН ЕЛ БІРІНШІЛІГІНДЕ 7 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ
    Талдықорған қаласында 20-26 маусым күндері пара жүзуден жастар, жасөспірімдер және юниорлар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ел біріншілігіне Қазақстанның 15 өңірінен 130-дан астам параспортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.
    Аталған чемпионатта Түркістан облысының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Жастар арасында Бердалы Қылышбек (S8 класы) 50 метрге және 100 метрге еркін жүзуден – І орын, ал 50 метрге шалқалай жүзуден – ІІ орын алды. Нұралы Тұрғанбек (S14 класы) 50 метрге шалқалай жүзу бойынша – ІІ орынды иеленді. Жасөспірімдер санатында Ибраһим Аманкелді (S10 класы) 100 метрге еркін жүзуден – І орын, 50 метрге шалқалай жүзуден – І орын, сондай-ақ 50 метрге еркін жүзу бойынша – ІІІ орын алды. Жарысқа Түркістан облысының спортшыларын Нұржан Көшербаев пен Мақсат Жұмакелдіұлы сынды жаттықтырушылар дайындады.
    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары