ЖАҢА АУЫЛҒА ЖАҢА ӘКІМ САЙЛАНДЫ

    ·
    ЖАҢА АУЫЛҒА ЖАҢА ӘКІМ САЙЛАНДЫ
    ЖАҢА АУЫЛҒА ЖАҢА ӘКІМ САЙЛАНДЫ
    Ағымдағы жылдың 28 маусымында Жаңа ауыл ауылдық округінің тұрғындары өз таңдауларын жасап, демократиялық жолмен округ әкімін сайлады. Сайлау ережесіне сәйкес халықтың арасында кездесулер өткізіп, алдағы жылдары жұмыс істеуге бағытталған бағдарламалары, үгіт-насихат жұмыстары жұртшылықтың көңілінен шыққан Жақыпбек Болатбек Нұрмаханбетұлы округ әкімі болып сайланды.
    Осынау саяси додада жеңіске жеткен Болатбек Нұрмаханбетұлына Жетісай ауданының әкімі Серік Ұсенұлы Мамытов пен Жетісай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Серіков сайлау комиссиясының шешімі мен қызметтік куәлігін табыс етті. Шараға аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов пен аудандық полиция бөлімінің бастығы Мұрат Ермеков, жергілікті ақсақалдар мен мекеме басшылары қатысты.
    «Әрбір азамат саясатқа тікелей қатысып, ауыл басшылығын өзі сайлауға қатысып дауыс беруі және әкімнің әрі қарай жұмысына сенім білдіруі жергілікті өзін-өзі басқару принциптерін жүзеге асырылуына әсерін тигізеді.
    Өз кезегінде, сайланған әкімдер ең алдымен өз ауылдарының инфрақұрылымдық, әлеуметтік, ауыл шаруашылығы мәселелерін қажетті инвестицияларды тарту және қаржыландыру арқылы шешуге тырысуы тиіс.
    Тұрғындар мен әкімнің арасында ешқандай да кедергі болмауы керек. Бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының орындалуының бір көрінісі деп білемін» деген аудан басшысы Жаңа ауыл ауылдық округіне сайланған жаңа әкімге елді мекендердегі қордаланған мәселелерді шешуді, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін жоғарылатуды, санитарлық тазалық жұмыстарын жүйелендіру мен бұқаралық спортты дамытуды тапсырды. Алдағы атқарар істеріне сәттілік тіледі.
    Жақыпбек Болатбек Нұрмаханбетұлы 1988 жылы 9 тамызда ОҚО, Мақтаарал ауданында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. Мемлекеттік қызмет саласындағы еңбек өтілі 9 жыл 19 күн.
    2008 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжін, 2012 жылы Академиялық инновациялық университетін «экономика, бухгалтерлік есеп және аудит», «есеп және аудит» мамандықтары бойынша тәмамдап, 13.07.2011 – 31.07.2012 жылдары Мақтарал АЭЖ Жетісай учаскесінде бақылаушы;
    09.08.2012 – 01.07.2014 жылдары Мақтарал ауданы, Жаңа ауыл ауылдық округі әкімінің аппаратында оператор;
    01.07.2014 – 01.05.2017 жылдары Мақтарал ауданы, Жаңа ауыл ауылдық округі әкімінің аппаратында жүргізуші;
    02.05.2017 – 17.08.2017 жылдары Мақтарал ауданы, Жаңа ауыл ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман-салық агентінің міндетін уақытша атқарушы;
    18.08.2017 – 07.09.2018 жылдары Мақтарал ауданы, Жаңа ауыл ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман-салық агенті;
    07.09.2018 – 31.10.2024 жылдары Жетісай ауданы, Жаңа ауыл ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман-салық агенті;
    01.11.2024 – 29.06.2026 жылдары Жетісай ауданы, Жаңа ауыл ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман-жер инспекторы қызметтерін атқарған.
    Отбасылы, 3 перзенті бар.
    Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары