Жаңалық

    ·
    Жаңалық
    ТҮРКІСТАНДЫҚ БАЛУАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
    Таиландтың Паттайя қаласында грек-рим күресінен U-15 жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр. Байрақты бәсекеде Түркістан облысының спортшысы Осман Айтуған жоғары нәтиже көрсетіп, күміс жүлдені жеңіп алды.
    Құрлықтық біріншілікте 57 келіде ел намысын абыроймен қорғаған жас балуан тартысты белдесулерде шеберлігі мен қайсарлығын танытып, Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы топ жарды. Ұлттық құрама 3 алтын, 1 күміс пен 4 қола медаль еншілеп, Өзбекстан құрамасымен тең түсті.
    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары