
🌿 Ағымдағы жылдың 1 шілде күні Тастөбе ауылдық округінде кіреберіс көпір аумағында, көшелер мен жол жиектерінде санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.
Туған жерімізді таза ұстау – бәріміздің ортақ міндетіміз.
📢 Құрметті ауыл тұрғындары!
2026 жылдың 1 шілдесінен бастап үй маңына қоқыс жинап қоюға және аула мен үй айналасын тазаламай ұстауға болмайды.
⚠️ Осы талаптар сақталмаған жағдайда заңға сәйкес 130 000 теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін.
🌿 Таза ауыл – әр тұрғынның жауапкершілігі.
Таза ауыл – өзімізден басталады!









