Жетісу облысы Қаратал ауданы Тастөбе ауылдық округі әкімінің аппараты

    Ауыл әкімінің аппараты

    Ауылдық округ әкімі Ермек Кәкімбайұлы Нұрғалиев 2024 жылы 09 қыркүйекте тағайындалды.

    Округтің аумағы 9061 га құрайды.

    Округке 3 елді мекен кіреді, жалпы халық саны - 1070 адам.

    Тастөбе ауылы округ орталығы болып саналады, онда 830 адам, Бесағаш 110, Бірлік ауылдарында 130 адам тұрады.

    Округте 109 шаруашылық субъектісі бар.

    Ауылшаруашылық маңыздағы жерлер 7317 га құрайды, оның ішінде 1522 га - шабындық, 3795 га - жайылым, егістік жерлер - 2000 га.

    Ауылдар ауыз сумен және электр жүйелерімен толық жабдықталған.

    Аудан орталығымен байланысқан тас жолдың ұзындығы 35 шақырым (қатты жабынмен).

    Тастөбе ауылы 4G билайн кеңжолақты интернетпен қамтылған.

    Ауылдық округте 1 пошта бөлімшесі жұмыс жасайды. Сондай-ақ Тастөбе ауылында 1 орта мектеп, 1 мешіт, 1 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 1 ветеренарлық пункт, 1 кітапхана, 1 ФОК және 2 дүкен және «Тастөбе АгроФуд» ЖШС сүт кешені орналасқан, жұмысшы саны – 70 адам.

    Тастөбе ауылында 50 балаға арналған 1 шағын орталық бар.

    Тастөбе ауылындағы Жамбыл атындағы орта мектепте (1986 жылы салынған) 210 оқушы оқиды.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді

    Ақпараттық хабарлама Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді invest.enpf.kz инвестициялық порталының артықшылықтары мен мүмкіндіктері Бұрын қалай болды? 2021 жылдан бастап салымшыларға өздерінің зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін жеке басқарушы компанияларға беру құқығы берілді. 2023 жылғы шілдеде күшіне енген Әлеуметтік кодекс бұл мүмкіндікті кеңейтті. Атап айтқанда, салымшылар міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптасқан жинақтарының 50%-на дейінгі бөлігін, ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптасқан жинақтарын толық көлемде инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) беру мүмкіндігіне ие болды. Қазір не өзгерді? 2026 жылғы қыркүйектен бастап заңнамалық өзгерістер күшіне енді. Енді салымшылар өз таңдауы бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақтарын ғана емес, міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарын да толық көлемде жеке басқаруға бере алады. Бұл өзгеріс қандай мүмкіндік берді? Аталған жаңашылдық салымшылар үшін өз жинақтарының инвестициялық кірістілігіне ықпал ету мүмкіндігін едәуір кеңейтті. Енді әрбір салымшы өзінің зейнетақы активтерін кім және қандай инвестициялық стратегия бойынша басқаратынын дербес таңдай алады. Сонымен қатар зейнетақы жинақтарын бірнеше инвестициялық портфельді басқарушы мен инвестициялық портфель арасында бөліп орналастыруға болады. Бұл зейнетақы капиталын басқарудың баламалы жолдарын көбейтіп, салымшыларға өз мүддесіне сай шешім қабылдауға мүмкіндік берді. Осылайша, зейнетақы жүйесі салымшы тек сырттай бақылаушы рөлін атқаратын үлгіден адамның ұзақмерзімді зейнетақы жинақтарын басқаруға саналы түрде өзінің қатысуын көздейтін жүйеге біртіндеп ауысуда. Инвестициялық портал туралы Инвестициялық стратегияны таңдау мүмкіндіктерінің кезең-кезеңімен кеңеюі және зейнетақы активтерін басқару туралы ақпараттың қолжетімді бола түсуі салымшылардың болашақ зейнетақы табысын қалыптастыруға қатысты шешімдер қабылдауына белсенді қатысуына жағдай жасайды. Осы мақсатта 2026 жылдың басында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) invest.enpf.kz арнайы инвестициялық порталын іске қосты. Портал зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға бергісі келетін салымшыларға дұрыс шешім қабылдап, жинақтарын жедел аударуға көмектеседі. Атап айтқанда, зейнетақы активтерін басқаруға қатысты негізгі мәліметтер біртұтас цифрлық кеңістікке жинақталған. Соның арқасында салымшылар қажетті ақпаратпен танысып, өз бетінше шешім қабылдауға мүмкіндік беретін ыңғайлы құралға қол жеткізді. Инвестициялық портал пайдаланушылары: инвестициялаудың негізгі ұғымдарымен таныса алады; басқарушы компаниялардың әртүрлі кезеңдердегі инвестициялық кірістілігін салыстырып, оның өзгеру динамикасын бақылай алады; инвестициялық портфельдердің құрылымын зерделеп, зейнетақы активтерінің қандай қаржы құралдарына орналастырылғанын біле алады; инвестициялық декларациялар мен стратегияларды зерттеп, олардың өз мақсаттары мен мүдделеріне қаншалықты сәйкес келетінін бағалай алады. Деректер талдамасынан салымшылардың инвестициялық құралдарға деген қызығушылығы артып, өздерінің зейнетақы жинақтарын саналы түрде басқаруға ұмтыла бастағанын байқауға болады. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, invest.enpf.kz порталы іске қосылған сәттен бастап оның бірегей пайдаланушыларының саны тұрақты түрде өсіп, 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша шамамен 82 мың адамға жетті. Оның ішінде 27,5 мыңға жуық пайдаланушы салымшылардың инвестициялық мүмкіндіктері кеңейтілген қыркүйек айында тіркелді. Статистика не дейді? Статистикалық деректер салымшылардың зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға аудару белсенділігі де айтарлықтай артқанын көрсетеді. Мәселен, 2026 жылғы 1 қаңтар мен 6 қыркүйек аралығында зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға аударған салымшылар саны 44 167 адамды, ал аударылған қаражаттың жалпы сомасы 69,1 млн теңгені құраса, 2026 жылғы 7 қыркүйек пен 14 қазан аралығындағы қысқа мерзімнің өзінде 32 921 салымшының аударған зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 92,2 млн теңгеге жетті. 01.01.2026ж. бастап 06.09. 2026ж. дейінгі кезеңдегі аударымдар көлемі Сома бойынша тобы, теңге Салымшылар саны Салымшылар үлесі (аударым жасаған салымшылардың жалпы санынан) Аударымдар саны, млн теңге Сома үлесі (аударымдардың жалпы сомасынан) 500 000 дейін 15 910 36,0% 2 582,68 3,7% 500 000 - 1 000 000 5 443 12,3% 3 827,41 5,5% 1 000 000 - 3 000 000 13 716 31,1% 26 591,73 38,5% 3 000 000 - 5 000 000 8 085 18,3% 29 434,35 42,6% 5 000 000 - 10 000 000 946 2,1% 5 717,96 8,3% 10 000 000 - 2 0 000 000 59 0,13% 734,22 1,1% 20 000 000 - 50 000 000 8 0,02% 257,22 0,4% свыше 50 000 000 – – – – ЖИЫНТЫҒЫ 44 167 69 145,57 07.09.2026ж.бастап14.10.2026ж. дейінгі кезеңдегі аударымдар көлемі Сома бойынша тобы, теңге Салымшылар саны Салымшылар үлесі (аударым жасаған салымшылардың жалпы санынан) Аударымдар саны, млн теңге Сома үлесі (аударымдардың жалпы сомасынан) 500 000 дейін 7 325 22,3% 1 210,96 1,3% 500 000 - 1 000 000 3 425 10,4% 2 357,91 2,6% 1 000 000 - 3 000 000 9 409 28,6% 17 175,42 18,6% 3 000 000 - 5 000 000 6 375 19,4% 23 974,97 26,0% 5 000 000 - 10 000 000 5 712 17,4% 38 356,27 41,6% 10 000 000 - 20 000 000 621 1,9% 7 475,87 8,1% 20 000 000 - 50 000 000 51 0,15% 1 391,67 1,5% свыше 50 000 000 3 0,01% 214,37 0,2% ЖИЫНТЫҒЫ 32 921 92 157,45 Жасына қарай топтар бөлінісінде осы кезеңдердегі стаитстика төмендегідей сипатқа ие: 01.01.2026ж.бастап06.09.2026ж. дейінгі кезеңдегі деректер Жасы бойынша топ Аударымдар үлесі (аударымдардың жалпы санынан) Сома үлесі (аударымдардың жалпы сомасынан) Орташа аударым, мыңтеңге 30 жасқа дейін 24,0% 10,5% 397 30–39 жас 40,2% 40,9% 922 40–49 жас 24,8% 32,5% 1 188 50–59 жас 10,6% 15,4% 1 318 60 жас және одан үлкен 0,5% 0,6% 1 118 07.09.2026ж.бастап14.10.2026ж.дейінгі кезеңдегі деректер Жасы бойынша топ Аударымдар үлесі (аударымдардың жалпы санынан) Сома үлесі (аударымдардың жалпы сомасынан) Орташа аударым, мыңтеңге 30 жасқа дейін 22,1% 9,1% 676 30–39 жас 38,0% 37,6% 1 631 40–49 жас 27,5% 35,2% 2 113 50–59 жас 11,8% 17,1% 2 380 60 жас және одан үлкен 0,6% 1,1% 2 975 Келтірілген деректерден көріп отырғанымыздай, ең жоғары белсенділікті 30–39 жас аралығындағы салымшылар танытып отыр. Барлық аударымдардың шамамен 40%-ы және аударылған қаражаттың жалпы көлемінің 40%-ы осы жас тобындағы азаматтарға тиесілі. Олардың белсенділігі осы кезеңге қарай зейнетақы шоттарында қомақты қаражаттың жинақталуымен байланысты болуы мүмкін. Сонымен қатар зейнетке шығуға әлі жеткілікті уақыт бар болғандықтан, салымшылар өздерінің инвестициялау мерзімі мен тәуекелге деген көзқарасына сәйкес инвестициялық стратегияны таңдап, қажет болған жағдайда оны өзгерте алады. Еске саламыз, зейнетақы жинақтарын аудару туралы шешімді әр салымшы өз бетінше қабылдайды. Сондықтан шешім қабылдамас бұрын қаражатты басқару шарттарын, инвестициялық портфельдің құрылымын, комиссиялық сыйақы мөлшерін және әртүрлі кезеңдердегі кірістілік көрсеткіштерін мұқият зерделеген жөн. Бұл ретте өткен кезеңдердегі инвестициялық нәтижелер болашақта дәл сондай кірістілікке қол жеткізуге кепілдік бермейтінін, ал инвестициялардың құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін екенін ескеру маңызды. Салымшылар өзекті деректер мен барлық қажетті ақпаратты invest.enpf.kz инвестициялық порталынан кез келген уақытта таба алады. Бүгінде бұл портал көптеген салымшыға зейнетақы жинақтарын басқару мүмкіндіктерін жан-жақты түсінуге және жинақталған қаражатын инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) басқаруына беру жөнінде саналы шешім қабылдауға көмектесті. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kzсайтында).

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жыл басынан бері БЖЗҚ көрсеткен қызметтер саны 40 миллионнан асты

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Жыл басынан бері БЖЗҚ көрсеткен қызметтер саны 40 миллионнан асты «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) – Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің бірыңғай операторы, ол зейнетақы жинақтарының сенімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді. Оның негізгі міндеті – азаматтардың зейнетақы жинақтарын жинақтау және болашақта төлемдер қамтамасыз ету. Қор ұсынатын қызметтер азаматтарға лайықты зейнетақы үшін қажетті соманы жинап қана қоймай, сонымен қатар өз болашағын қаржылық жоспарлауға белсенді қатысуға көмектеседі. БЖЗҚ қазақстандықтарға цифрлық форматта түрлі қызметтер көрсетеді және оларды салымшылардың қажеттіліктеріне бейімдей отырып дамытуда. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі – салымшылардың өз жинақтарына деген қызығушылығын арттырудың маңызды шарты. 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында (2026 жылғы 1 қаңтардан 30 қыркүйекке дейін) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылар мен алушыларға 40,3 млн қызмет көрсетті. Бұл көрсеткіш Қормен өзара іс-қимыл жасаудың цифрлық және тікелей қызмет көрсету арналарына сұраныстың қаншалықты жоғары екенін айқын көрсетеді. Көрсетілген қызметтердің жалпы санының 27,7 миллионы электрондық форматта, 11,8 миллионы автоматты режимде жүзеге асырылды. Осылайша, автоматты, электрондық және қашықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы көлемнің 98,6%-ын құрады. Тікелей қызмет көрсету форматында 576,0 мың қызмет көрсетілді, оның ішінде 562,2 мыңы Қор кеңселерінде жүзеге асырылды. Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 18 жасқа толмаған азаматтарына нысаналы талаптар автоматты түрде есептеліп, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды алушыларға нысаналы жинақтарды төлеу және есепке алу үшін нысаналы жинақтау шоттары (НЖШ) ашылады. Есепті кезеңде зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ), жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен аударған міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) есепке алуға арналған шартты зейнетақы шоттарының (ШЗШ), сондай-ақ «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында нысаналы жинақтарды алушыларға тиесілі қаражатты есепке алу және төлеу үшін ашылатын нысаналы жинақтау шоттарының (НЖШ) жалпы саны 1,3 млн бірліктен асты. Бұрынғыдай ең сұранысқа ие қызмет – ЖЗШ, ШЗШ және НЖШ-дан үзінді көшірме алу. Жыл басынан бері шоттардың барлық түрлері бойынша 28,7 млн үзінді көшірме берілді. Оның 25,8 миллионы электрондық форматта, ал 2,5 миллионы автоматты режимде ұсынылды. БЖЗҚ шоттардың жай-күйі туралы ақпаратты жеке кабинет арқылы алу зейнетақы жинақтарын бақылаудың ең ыңғайлы, сенімді әрі жедел тәсілі екенін еске салады. Сервис тәулік бойы (24/7) онлайн режимде жұмыс істейді. Бұл әлемнің кез келген нүктесінен, кез келген уақытта өзекті ақпарат алуға мүмкіндік береді. Шоттардың жай-күйі туралы мәліметтер БЖЗҚ-ның мобильді қосымшасы мен ресми сайтындағы жеке кабинетте ғана емес, egov.kz порталы немесе электрондық үкіметтің мобильді қосымшасы арқылы да қолжетімді. Бұл мемлекеттік сервистерді бірыңғай платформалар арқылы пайдалануды қалайтын азаматтарға қосымша қолайлылық туғызады. БЖЗҚ 2025 жылдан бастап үзінді көшірмелерді пошта арқылы жыл сайын автоматты түрде жіберу тоқтатылғанын атап өтеді. Дегенмен, тиісті сұранысты БЖЗҚ мекенжайына жолдау арқылы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты пошта арқылы алу мүмкіндігі сақталған. Салымшылар (алушылар) Қордың сайты мен мобильді қосымшасындағы жеке кабинет арқылы үзінді көшірме алудан бөлек, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шоттарының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2-топтағы мүгедектіктің мерзімсіз белгіленуіне байланысты немесе елу жасқа толуына орай ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлем алуға берілген өтініштің мәртебесін қадағалау, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақы мөлшерін болжамды түрде есептеу және басқа да қызметтерді пайдалана алады. Өткен кезеңде салымшылардан зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына аудару туралы 142,3 мың өтініш қабылданды. Олардың басым бөлігі электрондық форматта берілді. БЖЗҚ азаматтардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасы инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) туралы барлық негізгі ақпаратты бір цифрлық кеңістікте біріктіріп, инвестициялық қызмет туралы мәліметтерді жүйелі түрде ұсынуды қамтамасыз ететінін еске салады. invest.enpf.kz порталында пайдаланушыларға қазақ және орыс тілдерінде зейнетақы жинақтары жүйесі, бағалы қағаздар, инвестициялау стратегиялары (өлшемшарттары), негізгі ұғымдар, зейнетақы активтерін орналастыру құрылымы туралы мәліметтер, сондай-ақ әрбір ИПБ-ның қаржылық көрсеткіштері, олардың реттеушілік талаптарды сақтауы жөніндегі деректер және салымшыларға ИПБ мен оның инвестициялық қызметі туралы жан-жақты түсінік қалыптастыруға мүмкіндік беретін өзге де ақпарат қолжетімді. Есепті кезеңде деректемелерді өзгертуге қатысты 87,1 мың өтініш қабылданды. Оның 81,2 мыңы Қор кеңселерінде рәсімделді. БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгінген салымшылар, әдетте, жинақтарын қалыптастыру мәселелері жөнінде қосымша кеңестер мен ұсынымдар да алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 44,6 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оларға 880,1 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары негізінде жарияланған материалдар саны 29,8 мыңға жетті. Кері байланыс арналары (байланыс орталығы, веб-сайт арқылы кеңес беру, мессенджерлер, әлеуметтік желілер және басқа да байланыс арналары) арқылы салымшылар мен алушылардан келіп түскен өтініштердің саны – 310,5 мың. Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша өз кеңсесінде көшпелі таныстырылым мен кеңес беру шараларын өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалу немесе Қордың сайты, мобильді қосымшасы, сондай-ақ Instagram, Facebook, ВКонтакте, Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі БЖЗҚ-ның ресми парақшалары арқылы хабарласу жеткілікті. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kzсайтында).

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

    Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама Қаратал ауданы әкімдігі, ауыл шаруашылық жерлерге конкурс ұйымдастыру мақсатында 2026 жылдың 18 қыркүйегінде аудандық «Бастау» газетіне хабарландыру жарияланатын болады. Жетісу облысы, Қаратал аудан әкімдігі, (041000 Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы, Қонаев даңғылы 9) тізімде көрестілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін кестедегі лоттарға сәйкес конкурс өткізетіндігі туралы хабарлайды: ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ТІЗБЕСІ: Лоттың нөмірі Жер учаскесінің орналасқан жері (ауылдық округі) Көлемі, га Жер учаскесінің алқап түрі Топырақтың сапалық сипаттамасы Орташа бонитет балы Сумен қамтамасыз етілуі і Аймақтың ауыл шаруашылығына мамандануы 1 Тастөбе 2 Суармалы егістік Жай солтүстік ашық сұр топырақ, құмайтты 25 Қамтылмаған мамандандырылған 2 Тастөбе 2,5 Суармалы егістік Жай солтүстік ашық сұр топырақ, құмайтты 25 Қамтылмаған мамандандырылған 3 Тастөбе 17 7 га Жайылымдық алқап 10 га шабындық Жоталы солтүстік ашық сұр топырақ, құмайтты жерлер 15 Қамтылмаған мамандандырылған 4 Тастөбе 6 Суармалы егістік Жай солтүстік ашық сұр топырақ, құмайтты 4 Қамтылмаған мамандандырылған 5 Тастөбе 6 Суармалы егістік Жай солтүстік ашық сұр топырақ, құмайтты 24 Қамтылмаған мамандандырылған 6 Тастөбе 3,6 1,9 га Суармалы егістік, 1,7 га жайылымдық алқап Жай солтүстік ашық сұр топырақ, құмайтты 15 Қамтылмаған мамандандырылған 7 Тастөбе 4,5 Жайылымдық алқап Әлсіз сортандау жартылай гидромафты, құмайтты жерлер 14 Қамтылмаған мамандандырылған 8 Тастөбе 13.4 Шабындық Жай солтүстік ашық сұр топырақ, құмайтты 12 Қамтылмаған мамандандырылған 9 Тастөбе 5 Шабындық Жай солтүстік ашық сұр топырақ, құмайтты 12 Қамтылмаған мамандандырылған 10 Тастөбе 3 Суармалы егістік Жай солтүстік ашық сұр топырақ, құмайтты 26 Қамтылмаған мамандандырылған 11 Айту би 8 Суармалы егістік Жай солтүстік ашық сұр топырақ, құмайтты 14 Қамтылмаған мамандандырылған 12 Айту би 19 Жайылымдық алқап Әлсіз сортандау жартылай гидромафты, құмайтты жерлер 5 Қамтылмаған мамандандырылған 13 Айту би 19 Жайылымдық алқап Толық бекітілмеген қырқалы—адыр-бұдырлы құмдар 5 Қамтылмаған мамандандырылған 14 Айту би 20 Суармалы егістік Жай солтүстік ашық сұр топырақ, құмайтты 12 15 Айту би 4,9 Суармалы егістік Жай солтүстік ашық сұр топырақ, құмайтты 24 Қамтылмаған мамандандырылған 16 Үштөбе 7,5 Жайылымдық алқап Бекітілген адыр-бұдырлы құмдар 12 Қамтылмаған мамандандырылған 17 Үштөбе 2,8 Суармалы егістік Бекітілген адыр-бұдырлы құмдар 2,6 Қамтылмаған мамандандырылған 18 Үштөбе 3,2 Суармалы егістік Бекітілген адыр-бұдырлы құмдар 2 Қамтылмаған мамандандырылған 19 Бастөбе 10 Жайылымдық алқап Бекітілген адыр-бұдырлы құмдар 2 Қамтылмаған мамандандырылған 20 Бастөбе 41 Жайылымдық алқап Бекітілген адыр-бұдырлы құмдар 2 Қамтылмаған мамандандырылған 21 Бастөбе 500 Жайылымдық алқап Бекітілген адыр-бұдырлы құмдар 2 Қамтылмаған мамандандырылған 22 Бастөбе 2 Суармалы егістік Жай солтүстік ашық сұр топырақ, құмайтты 25 Қамтылмаған мамандандырылған Конкурсқа Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1 бабында және «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығында көрсетілген талаптарға сай келетін ауыл шаруашылығымен айналысатын барлық тұлғалар жіберіледі. Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қабылдау, газет бетіне жарияланғанан соң 30 күннен кейін, 15 жұмыс күн ішінде, яғни 2026 жылдың 19 қазанынын бастап 09 қарашаға дейін қабылданады. Ауыл шаруашылығымен айналысатын тұлғалар конкурсқа қатысуға қажетті құжаттама тізбелерін мына мекен-жайдан алуға болады: Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы, Құсмолданов көшесі, 21 ғимаратының 2 қабаты 7 кабинеті. Конкурсқа қатысу туралы өтінімдерді қабылдаудың (конкурстық құжаттаманы) соңғы мерзімі: 2026 жылдың 09 қараша 16 сағат 00 минутқа дейін. Ауыл шаруашылығымен айналысатын тұлғалар конкурсқа қатысу үшін конверттерге салынған конкурстық құжаттамаларды Қаратал ауданының ауыл шаруашылығы мен жер бөліміне мына мекен-жайға табыс етіледі: Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы, Құсмолданов көшесі, 21, 2 қабаты, 7 кабинет. Конкурстық өтінімдер салынған конверттер 2026 жылдың 10 қараша 11 сағат 00 минутта мына мекен-жайда ашылады: 041000 Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы, Қонаев даңғылы 9, аудан әкімдігінің ғимараты 1 қабаты, кіші мәжіліс залында өтінім берушілерсіз өтеді. Қосымша ақпарат пен анықтама алу үшін 8(72834) 2-10-45 телефоны, факсы арқылы хабарласуға болады. Сонымен қатар,шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде: 1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер; 2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер; 3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері; 4) конкурстық ұсыныс; 5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады. Конкурстық ұсыныста мынадай құжаттар болуы қажет: 1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны); 2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер; 3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс. Конкурстық ұсыныс, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, беттері нөмірленіп, тігілген түрде, жабық конвертте ұсынылады. Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    КАНДИДАТҚА АРНАЛҒАН БӨЛМЕНІ 360 ГРАДУСҚА ШОЛУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ

    Тестілеуді бастамас бұрын және конкурс кезеңдерінен өту кезінде бөлме мен жұмыс орнының белгіленген талаптарға сәйкес келетінін растау қажет. Төмендегі нұсқауларды мұқият орындауыңызды сұраймыз. 1. Телефонды (360° камера) алып, бөлмені баяу толық шеңбер бойымен көрсетіңіз. Телефонды күрт қозғалтпаңыз — бейне анық болуы тиіс.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарын басқарудың кеңейтілген мүмкіндіктеріне ие болды

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарын басқарудың кеңейтілген мүмкіндіктеріне ие болды 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне енгізілген, салымшылардың өз зейнетақы жинақтарын басқару мүмкіндіктерін кеңейтетін өзгерістер[1] күшіне енді. Жаңа өзгерістерге сәйкес, енді салымшы (алушы) жеке зейнетақы шотындағы (ЖЗШ) міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) сенімгерлік басқаруына бере алады. Бұл ретте МЗЖ және ЕЗЖ есебінен жинақтары бар салымшылар, сондай-ақ олар үшін МКЗЖ және ЕЗЖ аударылған жеке тұлғалар өздерінің сенімгерлік басқаруға берілетін жинақтарының көлемін дербес айқындауға, сондай-ақ қаржылық мақсаттарына сәйкес бір немесе бірнеше ИПБ-ны және бір немесе бірнеше инвестициял ық портфельді таңдауға құқылы. Заңнамаға сәйкес, ИПБ үш инвестициялық портфельге дейін қалыптастыра алады: консервативті, қалыпты және тәуекелді. Олар тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілік және инвестициялау мерзімдері бойынша ерекшеленеді. Әртүрлі инвестициялық портфельдерді таңдау мүмкіндігі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 37-1-бабында бекітілген. Оларды қалыптастыруға қойылатын талаптарды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды. Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушылардың сенімгерлік басқаруына беру тәртібі және инвестициялық мүмкіндіктер туралы толық ақпарат БЖЗҚ сайтында және invest.enpf.kz платформасында қолжетімді. Осылайша, зейнетақы жүйесі салымшы пассивті рөл атқаратын модельден адамның өзінің ұзақмерзімді зейнетақы жинақтарын басқаруға саналы түрде қатысуын көздейтін жүйеге біртіндеп ауысуда. Инвестициялық стратегияны таңдау мүмкіндіктерінің кезең-кезеңімен кеңеюі және зейнетақы активтерін басқару туралы ақпараттың қолжетімділігін арттыру салымшылардың болашақ зейнетақы табысын қалыптастыруға қатысты шешімдер қабылдауға белсендірек қатысуына жағдай жасайды. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kzсайтында). [1] "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 7 шілдедегі № 334-VIII Заңы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    БЖЗҚ-ның халыққа жыл басынан бері көрсеткен қызметтерінің 98%-дан астамы цифрлық форматта жүргізілді

    «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) – Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің бірыңғай операторы, ол зейнетақы жинақтарының сенімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді. Оның негізгі міндеті – азаматтардың зейнетақы жинақтарын жинақтау және болашақта төлемдер қамтамасыз ету. Қор ұсынатын қызметтер азаматтарға лайықты зейнетақы үшін қажетті соманы жинап қана қоймай, сонымен қатар өз болашағын қаржылық жоспарлауға белсенді қатысуға көмектеседі. БЖЗҚ қазақстандықтарға цифрлық форматта түрлі қызметтер көрсетеді және оларды салымшылардың қажеттіліктеріне бейімдей отырып дамытуда. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі – салымшылардың өз жинақтарына деген қызығушылығын арттырудың маңызды шарты. 01.01.2026ж. мен 30.06.2026ж. аралығында Қор салымшыларға 28,4 млн қызмет көрсетті. Көрсетілген қызметтердің жалпы санының 17,3 млн-ы электрондық форматта, 10,4 млн автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, автоматты, электронды және қашықтықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы санның 98,2%-ын құрады. Салымшыларға 384,7 мың қызмет жүзбе-жүз көрсетілді, оның ішінде 374,4 мың қызмет тікелей Қордың кеңселерінде жүзеге асырылды. Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 18 жасқа толмаған азаматтарына нысаналы талаптар автоматты түрде есептеліп, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды алушыларға нысаналы жинақтарды есептеу және есепке алу үшін нысаналы жинақтау шоттары ашылады. Есепті кезеңде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аударуы нәтижесінде ашылатын ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын ("Ұлттық қор ­— балаларға" бағдарламасы аясында ашылатын НЖШ) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 1,0 млн бірлікке жетті. Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ нысаналы жинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірме алу бұрынғысынша ең танымал қызмет санатында. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан 18,1 млн үзінді көшірме берілді. Оның 16,1 млн-ы – электрондық, ал 1,7 млн үзінді көшірме автоматты түрде рәсімделді. Шоттың жай-күйіне қатысты ақпаратты жеке кабинет арқылы алу – зейнетақы жинақтарын қадағалаудың ең ыңғайлы, сенімді және жедел тәсілі. Қызмет тәулік бойы (24/7) онлайн режимде жұмыс істейді, бұл ақпаратты кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зейнетақы шоттары туралы ақпаратты БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес, egov.kz электрондық үкімет порталы немесе оның мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға дағдыланған азаматтарға өте қолайлы. БЖЗҚ 2025 жылдан бастап жыл сайынғы үзінді көшірмелерді пошта арқылы автоматты түрде жіберу тоқтатылғанын ескертеді. Бірақ, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты "БЖЗҚ" АҚ атына тиісті сұранысты жіберген пошта арқылы алу мүмкіндігі сақталады. Салымшылардың (алушылардың) Қор сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинеттен үзінді көшірме алудан басқа өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шотының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтер қолжетімді. Өткен кезеңде салымшылардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ сенімгерлік басқаруына аударуға 54,0 мың өтініші қабылданды, оның басым бөлігі – электрондық форматта. БЖЗҚ азаматтардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасы инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) туралы барлық негізгі ақпаратты бір цифрлық кеңістікке біріктіріп, инвестициялық қызметтері туралы деректерді жүйелі түрде ұсынатынын естеріңізге салады. invest.enpf.kz порталында пайдаланушыларға зейнетақы жинақтарының жүйесі, бағалы қағаздар, инвестициялау стратегиялары (критерийлері), базалық ұғымдар, зейнетақы активтерін орналастыру құрылымы туралы мәліметтер, сондай-ақ әрбір ИПБ-ның қаржылық көрсеткіштері, ИПБ-ның реттеушілік талаптарды сақтауы туралы деректер, салымшыларға ИПБ-ның портреті мен инвестициялық қызметін жасауға мүмкіндік беретін өзге де мәліметтер қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді. Есепті кезең ішінде деректемелерді өзгертуге 56,8 мың өтініш қабылданды. Оның 53,3 мыңы Қордың кеңселерінде орындалды. БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыруға қатысты қосымша кеңестер ала алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 29,6 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған 589,2 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 20,1 мың материал жарияланды. Салымшылар мен алушылардан кері байланыс (Call-орталық, веб-сайт арқылы кеңес, мессенджерлер, әлеуметтік желілер және басқа байланыс түрлері) арналары бойынша 226,5 мың өтініш түсті. Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалып, Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет. БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kzсайтында).

    Жарияланды: