Балалар қауіпсіздігі – бірлескен жұмыстың басты бағыты

    Балалар қауіпсіздігі – бірлескен жұмыстың басты бағыты

    Жамбыл облысы әкімдігінің Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Эльмира Иниятқызы Мырза-Ғали Тараз қаласы мен аудандық білім бөлімдерінде қорғаншылық және қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын мамандармен жұмыс кездесуін өткізді.

    Кездесу барысында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында туындайтын өзекті мәселелер талқыланып, мамандардың күнделікті қызметінде жиі кездесетін проблемалық сұрақтарға назар аударылды. Тұрғындармен тікелей байланыста жұмыс істейтін сала өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісіп, жүйені жетілдіруге бағытталған бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.

    Жиын барысында қорғаншылық және қамқоршылық органдары қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында сот және прокуратура органдарының қатысуымен арнайы семинарлар мен оқыту іс-шараларын ұйымдастыру мәселесі көтерілді.

    Сонымен қатар, балалардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстың тиімділігін арттыру үшін полиция, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салалары арасындағы өзара іс-қимылды күшейту қажеттігі айтылды. Кездесуде көтерілген ұсыныстар жан-жақты қаралып, оларды іске асырудың нақты тетіктері талқыланды.

    Мұндай кездесулер сала мамандарының тәжірибе алмасуына мүмкіндік беріп қана қоймай, балалардың құқықтарын қорғау жүйесін одан әрі жетілдіруге ықпал етеді.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы" жаңалықтары