
2026 жылғы 1 шілдеде WhatsApp мобильді қосымшасы арқылы онлайн форматта Ақжар аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы аудандық мәслихат төрағасы Жүсіпбеков Мағжан Рамазанұлының төрағалығымен өтті.
Сессия жұмысына Ақжар ауданы әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелер мен бөлімдердің басшылары, сондай-ақ аудандық мәслихат депутаттары қатысты.
Отырыс барысында «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 7 қарашадағы № 11-4 «Ақжар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» мәселе қаралды.
Талқылау қорытындысы бойынша депутаттар ұсынылған шешім жобасын бірауыздан қолдап, тиісті шешім қабылдады.
Ақжар аудандық мәслихаты аудан тұрғындарын әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастырады.








