Қарағанды облысының Саяқ кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

    Қарағанды облысының Саяқ кентінде «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында ашылған жаңа ерікті өрт сөндіру бекеті жұмысын бастады. Енді шамамен 2300 тұрғын өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз етіледі.

    Қарағанды облысының Саяқ кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

    Қызмет атқару үшін барлық қажетті жағдай жасалған: бекет өрт сөндіру техникасымен, заманауи байланыс құралдарымен, өрт-техникалық жабдықтармен және жауынгерлік киіммен жабдықталған.

    Қарағанды облысының Саяқ кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

    Бұл өрт сөндірушілерге оқиға орнына жедел жетуге, өрт ошақтары мен басқа да төтенше жағдайларға шұғыл әрекет етуге мүмкіндік береді.

    Қарағанды облысының Саяқ кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

    «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы ауылдық жерлердегі өртке қарсы инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.

    Қарағанды облысының Саяқ кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

    Саяқтағы бекет осы бағдарлама аясында Қазақстанда ашылған 210-шы ерікті өртке қарсы құрылым болды.

    Қарағанды облысының Саяқ кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

    Қарағанды облысының Саяқ кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының әкімдігі" жаңалықтары