Айып тұрағына дейінгі сапар: Екібастұзда патрульдік полицейлер жүргізуші куәлігі жоқ мотоцикл жүргізушісін анықтады

    ·
    Айып тұрағына дейінгі сапар: Екібастұзда патрульдік полицейлер жүргізуші куәлігі жоқ мотоцикл жүргізушісін анықтады

    Патрульдеу барысында патрульдік полиция қызметкерлері жүргізуші куәлігінсіз мотоцикл басқару фактісінің жолын кесті.
    Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, мотоцикл ұсталу себептері жойылғанға дейін мамандандырылған айып тұрағына қойылды.

    – Тиісті жүргізу құқығынсыз көлік құралын басқару – жол қозғалысы қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіреді. Азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жүргізуші куәлігінсіз рөлге отырмауға шақырамыз, – деді Екібастұз қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция ротасының командирі Арман Құрманғали.

    Айта кетейік, жүргізуші куәлігінсіз көлік басқаратындарды анықтауға бағытталған рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіледі. Өз өміріңіз бен өзге жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қатерге тікпеңіз. Жолға шығар алдында қажетті құжаттардың бар-жоғын тексеріп, тиісті оқудан өтпейінше көлік құралын басқармаңыз. Көшелерімізді бірге қауіпсіз етейік!

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары