
Павлодар облысының аумағында жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз ету және борышкерлерді жауапкершілікке тарту мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізілуде.
– Мәселен, облыс орталығында Lexus RX 350 автокөлігі арнайы айып тұрағына қойылды. Оның иесінің көлігіне тыйым салынып, жалпы сомасы 41 миллион 848 мың теңгеден астам салық берешегі болған. Сондай-ақ Volkswagen Passat автокөлігінің иесіне де көлікке қойылған тыйым бойынша 40 миллион теңгеден астам берешек анықталды. Аталған автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды. Иелері барлық қарыздарын өтегеннен кейін ғана көліктерін қайтара алады, – деді Павлодар қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторы Жандос Мейрамғазы.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы тәртібін қатаң сақтауға шақырып, мүліктің тәркіленуіне жол бермеу үшін азаматтарға берешектерін уақытылы өтеуді ұсынады.









