Тазалық әркімнің мәдениетінің көрінісі

    Тазалық әркімнің мәдениетінің көрінісі
    2026 жылғы 18–26 маусым аралығында Бірлік ауылдық округінде республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында аумақты абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді.
    Іс-шара барысында фонтан аумағы тазартылды, аллея аумағында және Арасан көшесінде шөп шабу жұмыстары атқарылды, сондай-ақ Техникалық көшесі, Молодежная тұйық көшесі және Набережная көшесі бойындағы асфальт жабындысы тазартылып, сыпырылды.
    Жүргізілген жұмыстар елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға, қоғамдық орындардың тазалығы мен тәртібін сақтауға және ауылдық округтің абаттандырылуына бағытталды.

    Ұқсас материалдар

    ""Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары