1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні

    1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні

    1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ақжол ауылының мәдениет үйінде «Бар жақсылық – балаларға» атты мерекелік ертеңгілік өтті.

    Мерекелік шара барысында бүлдіршіндер өз өнерлерін ортаға салып, флешмоб билеп, қызықты ойындарға қатысып, көтеріңкі көңіл күйге бөленді. Балаларға тәтті сыйлықтар таратылып, мерекелік көңіл күй сыйланды.

    Сонымен қатар, Р. Қойшыбаева және Қ. Қуанышбаев көшелерінде ауыл тұрғындарының ұйымдастыруымен балаларға арналған мерекелік іс-шаралар өткізіліп, түрлі ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылды.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Мартбек Мамыраев ауылдық округі әкімі аппараты" жаңалықтары