
Ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде Алматы ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Экология департаментімен, Қоршаған ортаны қорғау басқармасымен және «Астана Су Арнасы» ШЖҚ МКК-мен бірлесіп Ақбұлақ өзеніне көшпелі тексеру жүргізді.
Іс-шара барысында су объектісінің санитариялық-экологиялық жай-күйіне баға берілді. Сондай-ақ аралау барысында санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг шеңберінде Ақбұлақ өзенінен және №1, №2 сорғы-сүзгі станцияларынан су сынамалары алынды.
Мұндай іс-шаралар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету және су ресурстарының сапасын бақылау мақсатында жүргізіледі.









