Ұлытау облысында «Қарасора-2026» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

    ·
    Ұлытау облысында «Қарасора-2026» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
    Іс-шара басталғалы полиция қызметкерлері 9 есірткі қылмысын анықтады. Оның ішінде есірткі заттарын заңсыз сақтау және құрамында есірткісі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактілері бар.
    Заңсыз айналымнан 700-ден астам қарасора түбі тәркіленді. Барлық дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
    Нашақорлықтың алдын алу мақсатында өңірде 50-ге жуық профилактикалық шара ұйымдастырылып, оған 3 мыңға жуық адам қатысты. Форумдар, кездесулер, спорттық жарыстар мен шығармашылық байқаулар өткізілді.
    Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күресті және профилактикалық жұмыстарды жалғастырады.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары