
Республикалық «Гимназиада» турнирінің U-15 және U-17 жас санаттары бойынша бокс жарыстарына қатыстым.
Мұндай жарыстар балалар мен жасөспірімдер спортының дамуына үлкен үлес қосып, жас спортшылардың өз мүмкіндіктерін көрсетуіне, тәжірибе жинақтауына және жаңа белестерді бағындыруына жол ашады.
Қатысушылардың жоғары дайындық деңгейін, жеңіске деген ұмтылысын, спорттық жігері мен өзара құрметін көру қуантты. Бокс тек күш пен шеберлікті ғана емес, сонымен қатар тәртіпті, төзімділікті және мінездің мықтылығын талап ететін спорт түрі.
Осындай турнирлер салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, табандылықты, тәртіпті және жеңіске деген ұмтылысты қалыптастыруға ықпал етеді.
Барлық қатысушыларға алдағы уақытта толағай табыстар, жарқын жеңістер және жаңа спорттық жетістіктер тілеймін!




