
Сарыағаш ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында санитарлық-тазалық жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Аудан аумағының тазалығын сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бұл игі шараға аудан әкімі Арман Абдуллаев, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен белсенді тұрғындар қатысты.
Сенбілік барысында облыстық маңызы бар автожолдар мен ішкі көшелер бойы қоқыстан тазартылып, арық-атыздар ретке келтірілді, сондай-ақ шөп шабу жұмыстары жүргізілді. Арнайы техниканың тартылуы атқарылған жұмыстардың тиімділігін арттырды.
Аудан әкімі қала аумағындағы тазалық жұмыстарының барысымен танысып, Сарыағаш қаласының әкімі Айыпхан Ешанқұлға жұмысты жүйелі әрі жауапкершілікпен ұйымдастыру жөнінде қатаң ескерту жасады.
Жалпы сенбіліктің мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстау мәдениетін қалыптастыру және тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыру. Туған өлкенің тазалығы – әрбір азаматтың ортақ міндеті.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі









