«Таза Қазақстан» бастамасы аясында ауданда кезекті сенбілік өтті

    «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ауданда кезекті сенбілік өтті

    Сенбілік Ержанов көшесі, 36 мекенжайында, сондай-ақ оған іргелес аумақтар мен кәсіпкерлік нысандарында ұйымдастырылды. Іс-шараға 450-ден астам адам қатысты.

    Сенбілік барысында қоғамдық кеңістіктерге санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, аумақтар тазартылды, тұрмыстық қалдықтар жиналып, сыртқа шығарылды.

    Акция қорытындысы бойынша аудан аумағынан 90 текше метр қоқыс шығарылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары