Алматыда мүгедектікті белгілеу бойынша күндізгі куәландыруға электрондық кезек енгізілді

    Алматыда мүгедектікті белгілеу бойынша күндізгі куәландыруға электрондық кезек енгізілді

    2026 жылғы 12 маусымнан бастап Алматы қаласында пилоттық жоба аясында мүгедектікті белгілеу, еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін және әлеуметтік қорғау шараларын айқындау бойынша күндізгі куәландыруға жазылу Әлеуметтік қызметтер порталының электрондық кезегі арқылы жүзеге асырылады.

    Қалай жазылуға болады: медициналық ұйым №031/у нысанын жолдайды, пациентке SMS-хабарлама келеді. Пациент aleumet.egov.kz порталында авторизациядан өтіп, өзіне қолайлы күн мен уақытты таңдайды, жазылуын растайды және қабылдау талонын алады. Қабылдау күніне 3 күн қалғанда SMS арқылы еске салу хабарламасы жіберіледі.

    Жобаның артықшылықтары: күту уақытының қысқаруы, қолайлы күн мен уақытты таңдау мүмкіндігі, SMS-хабарламалар арқылы ақпараттандыру, МӘС бөлімшесіне алдын ала бару қажеттілігінің болмауы, мемлекеттік қызметті көрсетудің ашықтығы мен қолжетімділігі.

    Қызмет көрсетілетін емханалардың ДКК мүшелері мен №5 МӘС бөлімінің мамандарының қатысуымен өткен кеңесте пилоттық жобаны іске асырудың ұйымдастырушылық мәселелері қарастырылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті" жаңалықтары