«Жылдам оқу, жұмбақ жасыру, мақал-мәтелдер» атты облыстық онлайн сайысы өтті

    «Жылдам оқу, жұмбақ жасыру, мақал-мәтелдер» атты облыстық онлайн сайысы өтті

    Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Жылдам оқу, жұмбақ жасыру, мақал-мәтелдер» атты облыстық онлайн сайысы өтті.

    Сайысқа облыстың 8 аудандық және 2 қалалық кітапханасынан іріктелген 10 оқырман қатысып, өздерінің жылдам оқу қабілеттерін, тапқырлықтарын және қазақ халқының бай ауыз әдебиетін меңгеру деңгейлерін көрсетті.

    Байқау қорытындысы бойынша Панфилов ауданының 5-сынып оқушысы Нұрбол Еркеназ үздік нәтиже көрсетіп, Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында өтетін жылдық қорытынды байқауға жолдама алды.

    Аталған сайыс жас оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және білімді, зерек ұрпақты қолдауға бағытталған маңызды мәдени-танымдық шаралардың бірі болды. Қатысушыларға алғыс білдіріп, алдағы кезеңде сәттілік тілейміз.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" жаңалықтары