
Биылқазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, сыршыл жазушы, адам жанының нәзік иірімдерін шебер суреттеген қаламгер Сайын Мұратбековтің 90 жылдығы. Осыған орай Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлының атындағы тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Қаламгерлік ғұмыр – халықтық мұра» атты әдеби кеш өтті. Әдеби кешке жазушының туыстары, ақын-жазушылар, мәдениет қызметкерлері, мектеп оқушылары мен ұстаздар қатысты. Тағылымды шара барысында қаламгердің інісі Ғалым Мұратбеков пен қарындасы Майра Мұратбековамен сұхбат болып, естеліктер айтылды.Ілияс Жансүгіровтің әдеби музейінің қызметкері Шакир Бағдаулет пен Талдықорған қаласындағы Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектебінің оқушысы Серікболат Әмина «Жусан иісі» шығармасынан үзінділер оқыды.Дәнеш Рақышев атындағы филармония әншісі, мәдениет саласының үздігі Гүлбану Лахаеваның орындауында «Сайын аға» әні шырқалды. Сондай-ақ, Сайын Мұратбековтің өмір жолы мен шығармашылығынан мол мәлімет беретін көрме көпшілік назарына ұсынылды.









