Жамбыл облысының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп, инвесторлар тізіліміне енгізілген инвестордың қызметіне жүргізілген тексеру барысында заң бұзушылықтарды анықтады.
Уәкілетті органның прокуратурамен келіспей, «KorCem» ЖШС-ның көші-қон заңнамасының сақталуы мәніне қатысты қызметіне тексеру жүргізгені анықталды.
Айта кету керек, «прокурорлық сүзгі» шеңберінде мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері инвесторларға қатысты шектеу шараларын қолдануға байланысты барлық шешімдерді, оның ішінде тексерулер тағайындау, әкімшілік іс жүргізуді қозғау және сотқа талап қою мәселелерін прокуратурамен келісуге міндетті.
Тексеру нәтижелері бойынша инвестор шетел азаматын еңбек қызметіне заңсыз тартқаны үшін полиция қызметкерлерімен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оған 1,5 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынған.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша аталған тексеру заңсыз деп танылып, әкімшілік іс жүргізу тоқтатылды.
Қазіргі уақытта кінәлі лауазымды тұлғаларды заңда белгіленген жауаптылыққа тарту мәселесі қарастырылуда.
Жамбыл облысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге және өзге де құқықтарының бұзылуына тап болған инвесторларды +7 (775) 891-25-52 телефоны арқылы немесе 115 call-орталығына хабарласуға шақырады.
Жамбыл облысының прокуратурасы инвесторды заңсыз тексеруден және 1,5 млн теңге көлеміндегі айыппұлдан қорғады
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті·Жаңалықтар мұрағаты
Ұқсас материалдар

Күзгі абаттандыру жұмыстары
"Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Жаңатоған ауылдық округі әкімі аппараты"Ашу
Қарқаралыда аудандық ветеринариялық станция мен зертхананың жаңа ғимараты ашылды
"Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Жаңатоған ауылдық округі әкімі аппараты"АшуДенисов аудандық мәслихатының cегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясын шақыру туралы
Ашу
«БОРЫШКЕР» БІРЛЕСКЕН РЕЙДІК ІС-ШАРАСЫНА ДАЙЫНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Шымкент қаласының Әділет департаментіАшу
Шемонаиха ауданы: ГЭС құрылысы, АЖТ зауытын жаңғырту, туризмнің дамуы
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіАшу
"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті" жаңалықтары

Азамат Дүйсембеков Орталық Азия заң форумында инвесторларды қорғаудың жаңа тетіктерін таныстырды
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетіАшуАлматы прокуроры Серік Кәріпбеков индустриялдық аймақ инвесторларымен кездесті
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетіАшуЖамбыл облысында прокуратураның араласуынан кейін инвестор үшін 3 жер учаскесіне қатысты шарт жасалды
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетіАшу
Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті мектептер мен балабақша құрылысы жобаларын іске асырып жатқан инвестордың мәселелерін жұмысқа алды
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетіАшу
Комитетте Қазақстанның электр энергетикалық қауымдастығымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетіАшу