
Ақтау қаласы Полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік бөлімі Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының (ӘЗЗҚТ) қызметкерлері отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында мақсатты профилактикалық іс-шара өткізді.
Аталған іс-шара отбасылық жанжалдардың алдын алуға және профилактикалық есепте тұрған тұлғалар тарапынан қайталанған құқық бұзушылықтардың жолын кесуге бағытталған.
Рейд барысында келесі жұмыстар атқарылды:
Мекенжайларды аралау: отбасы-тұрмыстық салада құқық бұзушылық жасаған және сот шешімімен ерекше бақылауға алынған азаматтардың тұрғылықты жерлері тексерілді.
Нұсқамалардың орындалуын бақылау: ішкі істер органдары тарапынан қорғау нұсқамасы шығарылған тұлғалардың белгіленген талаптарды сақтауына бақылау жүргізілді.
Түсіндірме жұмыстары: есепте тұрған азаматтармен отбасылық құндылықтарды сақтау, зорлық-зомбылыққа жол бермеу және заң талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы профилактикалық әңгімелер жүргізілді.
Ақтау қаласы Полиция басқармасы тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатынын хабарлайды.









