Құрметті Орал қаласының тұрғындары!

    Орал қаласының әкімдігі·
    Құрметті Орал қаласының тұрғындары!

    «Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ (БҚЭТК) жүргізетін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына байланысты 2026 жылғы 26 маусым күні сағат 15:30-дан 19:00-ге дейін Қ.Жұмағалиев көшесінің (бұрынғы Фрунзе көшесі) Н.Назарбаев даңғылынан Қ.Аманжолов көшесіне дейінгі бөлігінде барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу қойылады.

    Қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды және уақытша орнатылған жол белгілерінің талаптарын сақтауды сұраймыз.

    Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!

    Ұқсас материалдар

    "Орал қаласының әкімдігі" жаңалықтары