ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов HEALTH INVEST FORUM – 2026 шарасына қатысуда

    ·
    ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов HEALTH INVEST FORUM – 2026 шарасына қатысуда

    Бүгін Конаев қаласында денсаулық сақтау саласын дамыту және осы салаға инвестиция тарту мәселелеріне арналған халықаралық кездесу HEALTH INVEST FORUM – 2026 өтуде.

    Іс-шараға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Әлішерұлы Жүсіпов қатысуда.

    Қатысушылар денсаулық сақтау саласына инвестиция тарту, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту, саланы цифрландыру, медициналық инфрақұрылымды жаңғырту, фармацевтикалық өндірісті қолдау және медициналық көмектің сапасын арттыру мәселелерін талқылауда.

    Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова және Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев құттықтау сөз сөйледі.

    Инвестициялық жобалар мен әлеуетті инвесторлардың бастамалары таныстырылуда. Бағдарлама аясында денсаулық сақтау саласындағы жаңа жобалар бойынша ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қою көзделген.

    Форумға 10-нан астам елдің өкілдері, медициналық және инвестициялық саладағы 200-ден астам маман, сондай-ақ сарапшылар мен бизнес өкілдері қатысуда. Алаңда заманауи технологиялар мен инновациялық әзірлемелер ұсынылған көрме стендтері жұмыс істеуде.

    Бауыржан Жүсіповтің форум жұмысына қатысуы Комитеттің медицина және фармацевтика саласындағы ашық реттеуді дамытуға, заманауи технологияларды енгізуге жағдай жасауға және салаға инвестиция тартуға бағытталған жұмысын айқындайды.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары