Бүгін, 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Қостанай облысының мектептері «NECO» экологиялық клубы» қоғамдық қоры бастамашы болған жәндіктерге арналған үйшіктер орнату бойынша әлемдегі ең ауқымды акцияға қатысты.

    ·

    Экологиялық бастамаға облыстың 40-тан астам мектебі қатысты. Акцияның мақсаты – биоалуантүрлілікті сақтау, тозаңдандырушы жәндіктерді қолдау және өскелең ұрпақтың экологиялық жауапкершілігін қалыптастыру.

    Оқушылар, педагогтер және ата-аналар өз қолдарымен жәндіктерге арналған үйшіктер жасап, оларды мектеп аумақтарына орнатты. Мұндай үйшіктер экожүйені сақтауда және өсімдіктерді тозаңдандыруда маңызды рөл атқаратын пайдалы жәндіктер үшін қауіпсіз орта қалыптастырады.

    Орнатылған әрбір үйшік – табиғатты қорғауға және планетамыздың болашағына қамқорлық жасауға қосылған шағын, бірақ маңызды үлес.

    #ТазаҚазақстан #ВсемирныйДеньОкружающейСреды

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары