
ҚАЗІРГІ САБАҚТЫҢ АРХИТЕКТУРАСЫ: САРАПТАМАЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ ЖӘНЕ БЕЛСЕНДІ ОҚЫРМАН ФОРМУЛАСЫ
2026 жылғы 25 қыркүйекте «Оқушы назарда: мағыналық оқу және өнімді тәжірибелер арқылы тарту» атты облыстық әдістемелік квест өтті. Іс-шара педагогтердің әдістемелік тұрғыдан заманауи форматта тәжірибелік бағытта тереңірек жұмыс істеуіне мүмкіндік берді. Квест барысында педагогтер ақпаратты іздеп табудан бастап, оны сыни тұрғыдан бағалау және тапсырмалар құрастыруға дейінгі нақты оқырмандық станциялардан өтті. Іс-шараның сараптамалық сүйемелдеуі тәжірибелі педагогтердің қатысуымен қамтамасыз етіліп, олар классикалық әдебиетті, заманауи цифрлық құралдарды және жасанды интеллект мүмкіндіктерін сабақ үдерісінде үйлесімді ықпалдастырудың тиімді жолдарын көрсетті. Квест барысында педагогтер «Белсенді оқырман формуласының» негізгі элементтерін жинақтады: оқушы мәтінді жай ғана дәйексөзбен келтірмей, ой қорытады; оқушы мәтіннің астарлы мағынасын талдап, дәлелденбеген тұжырымдарға сыни көзқарас танытады; оқушы классикалық мәтінді өзіне таныс цифрлық құралдар арқылы зерттейді. Белсенді қатысып, нәтижелі жұмыс атқарған барлық әріптестерімізге алғыс білдіреміз! Жаңа сабақтың архитектурасын бірге қалыптастырамыз!









