Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран ауданының тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізіп, азаматтардың өтініш-тілектерін қарады және ауданның дамуына қатысты өзекті мәселелерге жауап берді. Тұрғындар бірінші кезекте шешуді қажет ететін бірқатар өзекті проблеманы көтерді.
Олардың қатарында көп қабатты үйлердегі кәсіпкерлік нысандардың қызметі, коммуналды қызметтердің жұмысы, қаңғыбас және қараусыз жануарларды аулау тәртібі, аула аумақтарын абаттандыру және кәріз желілерін тарту мәселелері бар.
Сонымен қатар, тұрғын үйді жаңарту және реновациялау бағдарламаларын іске асыру, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, балалар және спорт алаңдарын жаңарту мәселелері де талқыланды.
Тұрғындар аулаларға қосымша бейнебақылау камераларын орнату, көп қабатты үйлердегі жарамсыз лифтілерді ауыстыру, Жаңаталап шағынауданында учаскелік полиция пунктін ашу қажеттігін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша аудан әкімі мен тиісті басқарма басшыларына барлық өтінішті жан-жақты зерделеп, нақты шаралар қабылдау және олардың орындалуын бақылауға алу тапсырылды.
Мегаполис басшысы халықпен тұрақты кері байланыс орнатудың және көтерілген мәселелерге жедел әрекет етудің маңыздылығын ерекше атап өтті.
ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Ұқсас материалдар

Іздеуде жүрген ҚР азаматын экстрадициялау туралы
АшуПрокуратура 529 қызметкердің еңбек құқықтарын қорғады
Қызылорда облысының прокуратурасыАшу
«Адал азамат – Адал еңбек»: еңбек адамдары марапатталды
Жуалы ауданының әкімдігіАшу
Астанада ауқымды экологиялық айлық өтіп жатыр: барлық ауданда тазалық акциялары ұйымдастырылуда
Астана қаласының әкімдігіАшуҚостанай облысының жазасын өтеу мекемелерінде ұялы байланыс сигналының жол берілетін деңгейінен асып кетуіне жол берген үш ірі оператор жауапкершілікке тартылды
Қостанай облысының прокуратурасыАшу
"Шымкент қаласының әкімдігі" жаңалықтары

АЙТЫЛДЫ – ОРЫНДАЛДЫ: АБАЙ АУДАНЫНДА 6 СПОРТ ЖӘНЕ ОЙЫН АЛАҢЫ САЛЫНДЫ
Шымкент қаласының әкімдігіАшу
АУЫР ЖАРАҚАТ АЛҒАН ТӘЖІКСТАНДЫҚ АЗАМАТТЫ ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ
Шымкент қаласының әкімдігіАшу
ШЫМКЕНТТЕ БҮЙРЕК ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫНЫҢ 256-ОТАСЫ СӘТТІ ӨТТІ
Шымкент қаласының әкімдігіАшу
ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАҒЫТТА ТЕГІН БІЛІМ БЕРІЛУДЕ
Шымкент қаласының әкімдігіАшу
ЖАСТАР ТРАНСФОРМАТОР ӨНДІРІСІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Шымкент қаласының әкімдігіАшу