Атырау өңіріндегі мәдениет саласы — руханияттың алтын діңгегі

    ·
    Атырау өңіріндегі мәдениет саласы — руханияттың алтын діңгегі

    Атырау өңіріндегі мәдениет саласы — руханияттың алтын діңгегі

    Бүгінде Атырау облысында халыққа мәдени қызмет көрсететін 243 мекеме жұмыс жасайды. Оның ішінде:
    ▫️ 84 мәдениет үйі
    ▫️ 139 кітапхана
    ▫️ 13 музей
    ▫️ 2 театр
    ▫️ 2 концерттік ұйым
    ▫️ 1 халық шығармашылығы орталығы
    ▫️ 1 тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы
    ▫️ 1 «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы бар.

    Бұл мекемелердің басым бөлігі ауылдық жерлерде орналасып, ел руханиятының шамшырағына айналып отыр.

    Қазіргі таңда мәдениет саласында 3051 қызметкер еңбек етсе, оның 1565-і шығармашылық бағытта қызмет атқарады. Бұл — өнер мен мәдениеттің дамуына үлес қосып жүрген үлкен шығармашылық қауым.

    Соңғы жылдары өңірдегі мәдени инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.
    2023 жылдан бері:
    14 жаңа мәдени нысан пайдалануға берілді;
    Қазір 12 мәдени ошақтың құрылысы жүргізілуде;
    54 нысанға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды.

    Мәдениет — ұлттың жаны.
    Атырау өңірінде бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, ауыл мен қаладағы рухани өмірдің өркендеуіне серпін бермек.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары