2026 жылғы 4 маусымда Алтай қаласы әкімдігінің «Алтай қаласының Жылу-су орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында комплаенс жөніндегі маман Н.В.Кашкаров ұйымдастырған дәріс өткізілді.

    2026 жылғы 4 маусымда Алтай қаласы әкімдігінің «Алтай қаласының Жылу-су орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында комплаенс жөніндегі маман Н.В.Кашкаров ұйымдастырған дәріс өткізілді.

    Іс-шара квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптары туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған тоқсан сайынғы түсіндіру-оқыту кездесулерінің циклы аясында өтті.

    Дәріс «Ұйымның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты» тақырыбында өткізілді, атап айтқанда Әдеп кодексі мен қызметтік мінез-құлық қағидаларының ережелері түсіндірілді. Қодекстің мақсаты - корпоративтік мәдениетті дамытуға, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін тұтынушылар мен кәсіпорын қызметкерлері арасындағы адалдық пен ашықтық ахуалын қалыптастыруға, ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін жалпы қағидаттар мен мінез-құлық нормаларын белгілеу.

    Талқылау қорытындысы бойынша кәсіпорын директоры А.С.Леонов сыбайлас жемқорлықпен күресте табандылық танытудың және оның қызметкерлер арасында кез келген көріністеріне жол бермеудің маңыздылығын атап өтті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алтай ауданының әкімдігі" жаңалықтары