АСТАНАНЫҢ СПОРТ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ KNUS ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫМЕН ТАНЫСТЫ

    АСТАНАНЫҢ СПОРТ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ KNUS ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫМЕН ТАНЫСТЫ

    Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларымен бірге Қазақ ұлттық спорт университетіне (KNUS) арнайы барды.

    Қонақтарды университет ректоры Қуанғалиева Тұрсынзада Қуанғалиқызы қарсы алып, оқу орнының материалдық-техникалық базасы мен спорттық инфрақұрылымын таныстырды.

    Экскурсия барысында елордалық спорт ұйымдарының басшылары заманауи оқу-жаттығу нысандарын, бокс және жекпе-жек залдарын, байдарка мен каноэде есу базаларын, жүзу бассейнін, стадиондарды, тренажер залдарын, сондай-ақ оқу кабинеттері мен аудиторияларды аралап көрді.

    Кездесу аясында тараптар спорт мамандарын даярлау, спорт саласын дамыту және елорда спортының әлеуетін арттыру бағытындағы өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Әсіресе спорт ұйымдары мен жоғары оқу орны арасындағы байланысты нығайтуға басымдық берілді.

    Айта кетейік, бүгінде KNUS спорт, ғылым және білімді ұштастырған жаңа буындағы заманауи университет ретінде қалыптасып келеді. Университетте заманауи білім беру бағдарламалары мен дуалды оқыту жүйесі енгізіліп, спорт саласына қажетті білікті мамандар даярлануда.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы" жаңалықтары