Елорда спортының ардагері Николай Дрютов дүниеден өтті

    2026 жылғы 17 қарашада 81 жасында дене шынықтыру және спорт саласының ардагері, елорда спортының дамуына елеулі үлес қосқан Николай Семенович Дрютовтың дүниеден озғанын қайғыра хабарлаймыз.

    Николай Семеновичтің көпжылдық еңбек жолы елордадағы дене шынықтыру және спорт саласының дамуымен тығыз байланысты. Әр жылдары Астана қаласының жастар ісі, туризм және спорт басқармасын, бірқатар спорт мектебін, Олимпиадалық резерв дайындау орталығы мен Жоғары спорт шеберлігі мектебін басқарды. Сондай-ақ «Жеңіс» футбол клубының вице-президенті қызметін атқарды.

    Спорт саласындағы көпжылдық еңбегі мен қосқан үлесі үшін 2012 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды.

    Николай Семенович өзінің кәсіби біліктілігімен, жауапкершілігімен және қызметіне адалдығымен әріптестерінің құрметіне ие болды. Оның елорда спортына сіңірген еңбегі әрдайым жоғары бағаланады.

    Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы" жаңалықтары