Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау

    ·
    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау

    «Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың өткізілетінін хабарлайды.

    «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 2 және 4-тармақтарына сәйкес, 2026 жылғы 25 мамыр мен 10 маусым аралығында мекеме қызметінде келесі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді:

    -мекеме қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерді талдау;

    -ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметті талдау.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау 2026 жылғы 22 маусымда өтеді.

    Ұсыныстар, ескертулер немесе ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат болған жағдайда +7 707 918 02 92 телефоны бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары