2026 жылғы 18 қарашада Алтай ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өттій

    1 / 2

    Алтай ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы Р.Р. Қарағұжинаның төрағалығымен өтті. Отырыс күн тәртібіне үш жоспарлы мәселе және кеңес мүшелерінің алдыңғы отырыста айтқан ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, бұрын қаралған мәселелердің бірі қайта енгізілді.
    Отырыс барысында Алтай және Серебрянск қалаларының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат тыңдалды. Қала әкімдері ағымдағы жағдай, орын алып отырған проблемалар және 2027 жылға арналған жоспарлар туралы баяндады. Кеңес мүшелері тарапынан жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, қоғамдық орындарды абаттандыру және жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар салу мәселелеріне баса назар аударылды. Бюджеттік қаржыландыру көлемінің қысқаруына байланысты жоспарланған іс-шаралардың бір бөлігі келесі жылға ауыстырылғаны атап өтілді.
    Келесі кезекте Алтай ауданындағы дене шынықтыру және спорт саласының жай-күйі қаралды. Отырысқа қатысушылар жазғы кезеңде спорттық және мәдени іс-шараларды ұйымдастыру, оларды тиісті жоспарлар мен бюджетке енгізу, сондай-ақ балалар мен жастарды спортпен жүйелі түрде айналысуға одан әрі тарту бойынша ұсыныстар енгізді. Сонымен қатар ауданның бұқаралық спортты дамыту бағытында қол жеткізген нәтижелері атап өтілді. Бөлімнің алдағы жұмысына қатысты бірқатар ұсынымдар берілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алтай ауданының маслихаты" жаңалықтары