1 / 2
Отырыс барысында Қоғамдық кеңестің ұсынымдары мен ұсыныстарының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі және Алтай қаласының әкімі тарапынан орындалу мәселелері қаралды. Бұған дейін енгізілген әрбір ұсыныс бойынша атқарылған жұмыстар мен қабылданған шаралар туралы толық ақпарат берілді.
Отырысқа қатысушылар қазіргі уақытта әзірленіп жатқан Алтай қаласының орталық алаңын абаттандыру жөніндегі жобалық шешімдерді талқылады. Қоғамдық кеңес мүшелері жобаны жетілдіруге, сондай-ақ қала тұрғындары үшін қолайлы әрі заманауи қоғамдық кеңістік қалыптастыруға бағытталған қосымша ұсыныстар енгізді.







