Маңғыстаулық 4 ұстаз «Үздік педагог – 2026» республикалық байқауының жеңімпазы атанды

    1 / 4

    💥 «Үздік педагог – 2026» республикалық байқауының республикалық кезеңіне Маңғыстау облысынан 10 педагог қатысып, нәтижесінде 4 педагог «Үздік педагог – 2026» құрметті атағына ие болды.

    Жеңімпаз ұстаздар:
    ⚜️ Бакаев Альбек Талгатулы – Ақтау қаласы, №30 жалпы білім беретін мектебінің физика пәні мұғалімі;
    ⚜️ Сейниханова Айжан Салимовна – Ақтау қаласы, №13 гимназиясының тарих пәні мұғалімі;
    ⚜️ Абуова Эльмира Талгатовна – Мұнайлы ауданы, №9 жалпы білім беретін мектебінің биология пәні мұғалімі;
    ⚜️ Казиева Майра Алибаевна – Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы.

    📣 ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Үздік педагог» республикалық байқауы мұғалім мәртебесін арттыруға және кәсіби шеберлігі жоғары ұстаздарды қолдауға бағытталған.

    🏷️ Биылғы жылғы байқау аудандық (қалалық), облыстық және республикалық үш кезең бойынша өткізілді.
    Биылғы сында педагогтердің кәсіби құзыреттілігі мен оқытудағы заманауи, инновациялық әдістерді қолдану деңгейіне ерекше мән берілді.

    ✅ Қатысушылардың авторлық бағдарламалары мен жетістіктері толықтай цифрлық платформа арқылы ашық әрі әділ бағаланып, республикалық кезеңге жолдама алған үміткерлер бейтаныс сыныптарда ашық сабақтар өткізу арқылы өз шеберліктерін дәлелдеді.

    ✨ Байқау жеңімпаздарына «Үздік педагог» төсбелгісі мен 1000 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлеміндегі қаржылай сыйақы табысталады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының білім басқармасы" жаңалықтары