Нұрорда мектебінде болашақ мамандық таңдауға бағытталған кездесу өтті

    1 / 3

    Нұрорда мектебінде болашақ мамандық таңдауға бағытталған кездесу өтті

    19 қарашада Нұрорда мектебінде мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру мақсатында мемлекеттік органдар, бизнес өкілдері және басқа да салалар мамандарының мектеп оқушылары мен ұстаздарымен кездесуі жәрмеңке форматында өтті.

    Кездесу барысында Департаменттің түсіндіру жұмыстары және Байланыс орталығы басқармасының басшысы оқушылардың мемлекеттік кірістер органдарының қызметі, мемлекеттік қызметтің мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, салық мәдениетін нығайтуға, сауда саласындағы көлеңкелі айналым үлесін азайтуға және фискалдық чектерді алуды ынталандыруға бағытталған «Amian сервисіндегі автокөліктер мен бағалы сыйлықтар ұтысы» республикалық акциясының басталғаны туралы хабардар етті.

    Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтті. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, болашақта мамандық таңдауда қажетті пайдалы ақпаратқа ие болды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары