Сұрақ - Жауап

    1 / 2

    ЗТқатысу үлесін өткізуденЖТсалық міндеттемелері

    Сұрақ: Заңды тұлғаның қатысу үлесін сатып алушыға сату бойынша есеп айырысу үш жыл ішінде (2027–2030 жылдар аралығында) жүзеге асырылады. Сатып алу-сату шартын тараптар арасындағы есеп айырысу толық аяқталғаннан кейін, 2030 жылы жасасу жоспарланып отыр. Бұл жағдайда құн өсімі қай күнге туындайды? Жеке тұлғада құн өсімінен түсетін табыс қай салық кезеңінде туындайды және жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу міндеттемесі қашан пайда болады?

    Жауап: Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 386-бабының 1-тармағына сәйкес заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесі бойынша құн өсімінен түсетін табыс заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесін өткізу немесе оны заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру кезінде туындайды.

    Салық кодексінің 382-бабының 2-тармағына сәйкес құн өсімінен түсетін табыс осы тармақта көрсетілген жағдайлар орын алған салық кезеңінде қалыптасады.

    Жеке табыс салығын (ЖТС) салу мақсатында қатысу үлесін өткізу күні, оны төлеу есебіне ақшалай қаражаттың нақты түскен күні емес, шешуші мәнге ие болады. Осыған байланысты табыстың туындау күнін айқындау кезінде сатып алу-сату шартын жасасуды және иеліктен шығарылатын мүлікке құқықтың ауысуын реттейтін азаматтық заңнама нормаларын ескеру қажет.

    Демек, қатысу үлесін өткізу сәтін айқындау кезінде жасалған шарттың талаптарын, тиісті құқықтардың сатып алушыға ауысу сәтін, сондай-ақ заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесін иеліктен шығаруды реттейтін заңнама талаптарын ескеру қажет.

    Бұл ретте жеке тұлғаның салық міндеттемелері тиісті салық кезеңі үшін Салық кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындалуға тиіс.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары