«Е-Өтініш» ақпараттық жүйесін пайдалану бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары.
Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік органдарға өтініштерді электрондық форматта жолдауға мүмкіндік беретін «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесін пайдалану тәртібі туралы ақпарат ұсынамыз.
Аталған жүйе арқылы азаматтар үйден шықпай-ақ мемлекеттік органдарға өтініш, арыз және шағым жолдап, олардың қаралу барысын онлайн режимде бақылай алады.
Сонымен қатар, «eGov Mobile» мобильді қосымшасы арқылы «Е-Өтініш» жүйесіне өтініш беру мүмкіндігі қарастырылған.
Осыған байланысты тұрғындарға электрондық өтініш беру тәртібі мен жүйені дұрыс пайдалану жолдарын түсіндіру мақсатында ақпараттық материал ұсынылады.
Құрметті тұрғындар! Мемлекеттік органдарға өтініштеріңізді электрондық форматта жолдау үшін «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесін пайдаланыңыздар!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








